Форум бағдарламасы
V ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ
«ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ҚИЫНДЫҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР»
16-20 ҚАЗАН, БРЮССЕЛЬ, БЕЛЬГИЯ.
1-жалпы отырыс: «Медиабизнестегі тұрақтылық пен инновациялар: болашақтың моделі»
- Кіріс көзін диверсификациялау: жазылымдар, донаттар, жарнама, гранттар.
- Жекеменшік медиадағы краудфандинг.
- Шағын және орташа даңгейдегі БАҚ-қа арналған инновациялық бизнес-модельдер.
- Ресурсы шектеулі БАҚ-ты басқару: жұмыс процесін оңтайландыру және технологияларды тиімді пайдалану, медиа брендті дамыту.
2-отырыс. «Туризм — түркі әлеміндегі дипломатия мен мәдени ынтымақтастық құралы»
- Заманауи «Жібек жолының» мұрасы: туризм, инвестициялар мен мәдениетаралық диалог.
- Цифрлық дипломатия: түркі елдерінің имиджі мен әлемдік арена.
- Гастрономиялық туризм: түркі әлемінің ұлттық дәмі.
- Түркі мемлекеттеріндегі туризм және PR-стратегиялар.
3-отырыс. «Медианың цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект, жаңа форматтар».
- Журналистикадағы жасанды интеллект: редакция жұмысында ЖИ пайдалану: мәтін жазудан – контент қалыптастыруға дейін.
- Big Data және аудиторияны сараптау: табысты кейстер.
- Жаңа форматтарды дамыту: подкаст, видеоконтент, интерактивті мақалалар.
- БАҚ-тағы киберқауіпсіздік: мәліметтерді кибершабуылдардан қорғау.
4-отырыс. «Медиасауаттылық және журналистің кәсіби этикасы».
- Ақпарат таратудағы журналистің жауапкершілігі: верификация, фактчекиң.
- «Саржағал басылымдар» мен кликбейт: этикалық қағидалар.
- Әлеуметтік желілердің кәсіби журналистикаға кері әсері.
- Ақпараттық манипуляция, дезинформация мен пропаганда.



