V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ 16-20.10.2025. Брюссель, Бельгия
«ЖАҺАНДЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ҚИЫНДЫҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР»
2025 жылдың 16-20 қазаны аралығында «Түркітілдес журналистер қоры» мен Қазақстандағы Әйел журналситер клубы Бельгияның Брюссель қаласында «Жаһандық кеңістіктегі түркі әлемі: қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыбына V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын ұйымдастырады. Медиа форумға Қазақстан, Еуропа елдері, Түркия, Орталық Азияның БАҚ басшылары, журналистер, ақпарат және туризм саласына қатысты мемлекеттік органдар, депутаттар PR менеджерлер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері, туризм саласының мамандары, ЖОО журналистика факультеттерінің декандары мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Түркі әлемінің медиа саласындағы маңызды мәселелерді талқыға салатын медиа форумда алғашқы жалпы отырыста «Медиабизнестегі тұрақтылық пен инновациялар: болашақтың моделі» тақырыбына кіріс көзін диверсификациялау: жазылымдар, донаттар, жарнама, гранттар; жекеменшік медиадағы краудфандинг; шағын және орташа даңгейдегі БАҚ-қа арналған инновациялық бизнес-модельдер; ресурсы шектеулі БАҚ-ты басқару: жұмыс процесін оңтайландыру және технологияларды тиімді пайдалану, медиа брендті дамыту мәселелері талқыланады..
«Туризм — түркі әлеміндегі дипломатия мен мәдени ынтымақтастық құралы» тақырыбындағы отырыста Медиа форумға қатысушылар заманауи «Жібек жолының» мұрасы: туризм, инвестициялар мен мәдениетаралық диалог; цифрлық дипломатия: түркі елдерінің имиджі мен әлемдік арена; гастрономиялық туризм: түркі әлемінің ұлттық дәмі; түркі мемлекеттеріндегі туризм және PR-стратегиялар туралы ақылдасады.
Соңғы кездері әлемдені барлық салаға зор ықпал еткен жасанды интеллектің медиа мен редакцияға әсері жайлы «Медианың цифрлық трансформациясы: жасанды интеллект, жаңа форматтар» тақырыбындағы отырыста айтылады: журналистикадағы жасанды интеллект: редакция жұмысында ЖИ пайдалану: мәтін жазудан – контент қалыптастыруға дейін; Big Data және аудиторияны сараптау: табысты кейстер: жаңа форматтарды дамыту: подкаст, видеоконтент, интерактивті мақалалар; БАҚ-тағы киберқауіпсіздік: мәліметтерді кибершабуылдардан қорғау.
Ақпарат таратудағы журналистің жауапкершілігі: верификация, фактчекиң; «саржағал басылымдар» мен кликбейт: этикалық қағидалар; әлеуметтік желілердің кәсіби журналистикаға кері әсері; ақпараттық манипуляция, дезинформация мен пропаганда жайлы талқыланатын отырыстың тақырыбы: «Медиасауаттылық және журналистің кәсіби этикасы».
V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде Брюссельдегі Еуропалық Парламент ғимаратында пресс тур ұйымдастырылып, депутаттармен сұхбат өткізіледі. Брюссельдегі жергілікті әкімдіктер мен көрнекі жерлерге экскурсия болады.
«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Қордың жанынан Қазақстандағы Әйел журналистер клубы, Жас журналистер мектебі, Медиа тренерлер мектебі ашылған. Басты мақсаты – қазақ тілінде хабар тарататын БАҚ өкілдерінің кәсіби білігін арттыру. Қордың ресми сайты: www.ttjk.kz
IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы туралы. 11-12.11.2024. Алматы, Қазақстан.
МЕДИА ФОРУМ: «АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТЕГІ МЕДИАНЫҢ РӨЛІ: БАҚ - ДИАЛОГ ПЕН ШИЕЛЕНІСТІ АЗАЙТЫҢ ҚҰРАЛЫ»Диалог алаңын құру: БАҚ қақтығысқа қатысушы тараптардың пікірлерін, сондай-ақ қоғамның әртүрлі топтарының (саясаткерлер, сарапшылар, қарапайым азаматтар) көзқарастарын білдіретін, ашық және әділ пікірталас алаңын ұсына алады. Бұл шиеленісті бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді.Сенімді ақпарат көзі болу: БАҚ нақты деректерге негізделген, нақты ақпаратты жедел жеткізу арқылы жалған ақпараттың (дезинформация) және өсек-аяңның таралуына тосқауыл қояды. Қақтығыс кезінде сенімді ақпаратқа қол жеткізу шиеленістің одан әрі өршуіне жол бермейді.Журналистиканың әлеуметтік жауапкершілігі: БАҚ өкілдері қақтығысты тек "кім жеңді, кім жеңілді" тұрғысынан емес, шешу жолдарына, келіссөздерге, зардап шеккендерге және қақтығыстың негізгі себептеріне назар аударады.Осы және қауіпсіздікке қатысты басқа да мәсеелелер туралы 2025 жылдың 18-19 қарашада Алматыда өтетін VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Аймақтық қауіпсіздіктегі медианың рөлі: БАҚ диалог пен шиеленісті азайту құралы ретінде» тақырыбына баяндама жасайтын Әзірбайжан Журналситер одағының төрағасы Эльчин Шихлы жан-жақты талқылайды.VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына қатысу - тегін. Форум - Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады. Медиа форумға тіркелу: https://forms.gle/YvuqknhfVYkRGNMu7 Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).



