ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ

Қазақстандағы Әйел журналистер клубы 2014 жылы 14 қарашада құрылған. Түркітілдес журналистер қорының жанынан ашылған Клубтың басты мақсаты — Қазақстанда медиа саласында еңбек етіп жүрген журналист, баспасөз хатшысы, PR менеджер, контент менеджер, ивент менеджер т.б. қыз-келіншектердің кәсіби білім-білігін жетілдіру. Профессионалдық тұрғыда өсуіне жағдай жасау.
Әйел журналистер клубының жобаларына Қазақстандағы журналистика факультеттерінің мұғалімдері мен студенттері де қатысады. Клубқа мүшелікке өте алады.
Клуб мүшелері 2025 жылдың ақпан айында Германияның Бонн, Кельн, Дортмунд, Билефельд, Минден… жалпы саны 13 қаласында пресс турға қатысып, «Неміс толқыны» телеарнасында тәжірибе алмасты.
Қазақстан Әйел журналистер клубының кезекті отырысы Түркітілдес журналистер қорының 2025 жылдың 16-20 қазанына Стамбұл-Брюссель-Париж қалаларына жоспарланған V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде Брюссельде өтеді. Осы жоба барысында Қазақстан, Орталық Азия, Түркия мен Еуропа елдерінен жиналатын медиа саласының мамандары ортақ жобалар мен болашақ жоспарлар жайлы ақылдасады.
2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда ұйымдастырылатын VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында Қазақстан Әйел журналистер клубы мүшелерінің конференциясы ұйымдастырылып, кәсіби шеберлікті арттыратын семинар-тренинг, уоркшоптар өтеді.
2025 жылдың 18 қарашасы күні кешке салтанатты жиында Қазақстан Әйел журналистер клубы Қазақстан, Орталық Азия, Түркия мен Еуропа елдерінде медиа саласында табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді марапттайды.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына қатысу — ТЕГІН.
“Шеврон” компаниясымен серіктестіктп ұйымдастырылатын Медиа форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға тіркелу: https://forms.gle/YvuqknhfVYkRGNMu7
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top