Халықаралық журналистика принциптерінің бірі — верификация, деректерді тексеру. Бүгінде жалған ақпарат пен жалған суреттерге енді жасанды интеллект дайындайтын видеолар қосылды. «Неміс толқыны» телеарнасы ИИ дайындаған контенттерді қалай ажыратады? Ақпарат пен видеоны қалай тексереді? Бұл туралы 2025 жылдың 18-19 қарашасындағы медиа форумда Германиядан арнайы келетін әріптесіміз Эркан Арыкан айтады. Сондай-ақ, осы тақырыпқа шеберлік сабағын өтеді.
Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубы “Шеврон” компаниясымен серіктестікте Алматыда VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын өткізеді. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.