МЕДИА ФОРУМ: «АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТЕГІ МЕДИАНЫҢ РӨЛІ: БАҚ — ДИАЛОГ ПЕН ШИЕЛЕНІСТІ АЗАЙТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ»

Медиа аймақтық қауіпсіздікті нығайтуда және қақтығыстардың алдын алуда конструктивті рөл атқара алады.
Диалог алаңын құру: БАҚ қақтығысқа қатысушы тараптардың пікірлерін, сондай-ақ қоғамның әртүрлі топтарының (саясаткерлер, сарапшылар, қарапайым азаматтар) көзқарастарын білдіретін, ашық және әділ пікірталас алаңын ұсына алады. Бұл шиеленісті бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді.
Сенімді ақпарат көзі болу: БАҚ нақты деректерге негізделген, нақты ақпаратты жедел жеткізу арқылы жалған ақпараттың (дезинформация) және өсек-аяңның таралуына тосқауыл қояды. Қақтығыс кезінде сенімді ақпаратқа қол жеткізу шиеленістің одан әрі өршуіне жол бермейді.
Журналистиканың әлеуметтік жауапкершілігі: БАҚ өкілдері қақтығысты тек «кім жеңді, кім жеңілді» тұрғысынан емес, шешу жолдарына, келіссөздерге, зардап шеккендерге және қақтығыстың негізгі себептеріне назар аударады.
Осы және қауіпсіздікке қатысты басқа да мәселелер туралы 2025 жылдың 18-19 қарашада Алматыда өтетін VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Аймақтық қауіпсіздіктегі медианың рөлі: БАҚ диалог пен шиеленісті азайту құралы ретінде» тақырыбына баяндама жасайтын Әзірбайжан Журналситер одағының төрағасы Эльчин Шихлы жан-жақты талқылайды.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына қатысу — тегін.
Форум — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top