Түбі түркінің ұлттық құндылықтары мен мәдени мұраларын насихаттауда БАҚ-тың маңызы зор. Түркі халықтарының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрлерін, тілін және рухани құндылықтарын әлемге медиа арқылы таныту тиімді. Ол үшін заманауи технолгиялар мен әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінеміз.
Мәдени мұраға қатысты деректі фильмдер, бағдарламалар, анимациялар, подкасттар, интерактивті ойындар және әдемі фотосуреттер сияқты заманауи, тартымды форматтар арқылы ұсынады. Бұл әсіресе жастардың қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
Медиа бағдарламалар мен танымдық мақалалар арқылы ұлттық батырлар, тарихи оқиғалар, ұлттық киімдер, қолөнер және әдет-ғұрыптар туралы білім береді. Ол халықтың тарихи санасын нығайтып, ұлттық мақтаныш сезімін оятады.
Спорттық ойындарға (әсіресе ұлттық спорт түрлеріне: көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, садақ ату, т.б.) көңіл бөлу арқылы мәдени мұраны насихаттаудың және ұлттық құндылықтарды арттырудың тиімді жолдары көп. Мысалы, түркі телеарналарында арнайы бағдарламалар дайындау, ұлттық спорт түрлерінің тарихы, ережелері және оның түркі халықтарының салт-дәстүрімен байланысы туралы деректі фильмдер мен арнайы тележобалар жасау.
Түркілердің ұлттық ойындары бойынша ірі халықаралық турнирлерді (мысалы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары) сапалы тікелей эфирде көрсету, спорттық туризмді дамыту, ұлттық ойындарға арналған компьютерлік немесе мобильді ойындар жасау. Бұл жастардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын ойын арқылы арттырады.
Танымал спортшылар мен журналситерді тарту арқылы ұлттық спорт түрлері мен оның мәдени астарларын насихаттайтын қысқа бейнероликтер мен челлендждер ұйымдастыру да өте маңызды.
2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда ұйымдастырылатын VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Ұлттық мұралар арқылы түркінің құндылықтарын насихаттау» тақырыбына баяндама жасайтын Түркиядағы «Еуразия» ынтымақтастық қорының директоры Ахмет Түзүн спорт пен мәдениет арқылы түркінің ортақ құндылықтарын насихаттаудың жолдары жайлы айтады.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына қатысу — тегін.
Форум — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға тіркелу: https://forms.gle/YvuqknhfVYkRGNMu7
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).