Цифрлық медиа арқылы түркі елдерінің имиджін күшейту бірнеше стратегиялық қадамдардан тұрады. Мысалы, түркі мәдениетінің, тарихының, табиғатының және заманауи дамуының ерекшеліктерін көрсететін қызықты видеолар, инфографикалар, интерактивті жобалар жасау;
Әлеуметтік желілерді түркі әлемінің бірегей мәдени мұрасын, заманауи өнерін және туристік әлеуетін көрсететін контент қалыптастыру;
Цифрлық платформаларда таралатын телехикаялар, фильмдер арқылы түркі елдерінің мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру және оларды бүкіл Түркі әлеміндегі ортақ құндылықтарға негіздеу.
Түркі әлемінің имиджін цифрлық медиа арқылы қалай күшейтуге болатыны туралы V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында Өзбекстаннан қатысатын Нұрлан Усманов айтады.
V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры, Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Брюссельдегі Inter Media Bruxselles Asbl 2025 жылдың 16-20 қазаны аралығында Бельгия мен Еуропалық одақтың астанасы — Брюссельде өткізетін халықаралық шара.
Брюссельдегі медиа форумға Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Германия, Нидерланд, Люксембург, Франция, Швейцариядан БАҚ басшылары, журналистер, пиар менеджерлер мен баспасөз хатшылары, депутаттар мен Қоғам қайраткерлері қатысады. Дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Медиа форум шеңберінде шеберлік сабағы, Еуропалық парламент пен Брюссельдегі әкімдіктерге пресс тур, сұхбаттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жоба шеңберінде Францияның Париж қаласына пресс тур бар.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).