Дәстүрлі БАҚ-тың цифрлық трансформациясы бірқатар жаңа талаптар мен шарттар ұсынды.
Контент қалыптастыру, тарату, оқырман мен көрермен тарту, журналситиканың негізгі қағидаларынан айнымау, конвергентті журналистиканың ықпалының күшеюі, мақсатты аудиторияны табуда редакцияның керативтілігі, жасанды интеллекттің БАҚ-қа әсері…
Медиадағы тың жаңалықтардың түйткілі қандай? Шешу жолдары? Цифрлық медианы қалай тиімді пайдалануға болады? Осы және басқа да сұрақтарға V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Түркиядан қатысатын Гүркан Кылыч жан-жақты баяндама жасайды.
V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры, Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Бельгиядағы Inter Media Bruxselles Asbl 2025 жылдың 16-20 қазаны аралығында Бельгия мен Еуропалық одақтың астанасы — Брюссельде өткізетін халықаралық шара.
Брюссельдегі медиа форумға Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Германия, Нидерланд, Люксембург, Франция, Швейцариядан БАҚ басшылары, журналистер, пиар менеджерлер мен баспасөз хатшылары, депутаттар мен Қоғам қайраткерлері қатысады. Дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Медиа форум шеңберінде шеберлік сабағы, Еуропалық парламент пен Брюссельдегі әкімдіктерге пресс тур, сұхбаттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жоба шеңберінде Францияның Париж қаласына пресс тур бар.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).