Еуропа елдерінде түркі халықтарына ақпарат тарататын телеарна, газет пен сайт, радиоарналар бүгінде қандай күйде? Қиындықтары мен шешу жолдары қандай? Салт-дәстүрі, менталитеті түркіге жат еуропалықтар жерінде түрікше ақпарат таратудың ерекшелігі неде? Осы және басқа мәселелер туралы V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Еуропадағы түркі медиасы және келешегі» тақырыбына баяндама жасайтын германиялық әріптесіміз Ахмет Өзай айтады.
V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры, Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Юрюссельдегі Inter Media Bruxselles Asbl 2025 жылдың 16-20 қазаны аралығында Бельгия мен Еуропалық одақтың астанасы — Брюссельде өткізетін халықаралық шара.
Брюссельдегі медиа форумға Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Германия, Нидерланд, Люксембург, Франция, Швейцариядан БАҚ басшылары, журналистер, пиар менеджерлер мен баспасөз хатшылары, депутаттар мен Қоғам қайраткерлері қатысады. Дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Медиа форум шеңберінде шеберлік сабағы, Еуропалық парламент пен Брюссельдегі әкімдіктерге пресс тур, сұхбаттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жоба шеңберінде Францияның Париж қаласына пресс тур бар.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).