2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда өтетін VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Түркиядан шақырылған спикер -Бихтер Айиылдыз «PR – экономикалық ынтымақтастықтың драйвері: бизнеске арналған мүмкіндіктер» тақырыбына баяндама жасайды.
Бихтер Айиылдыз — TUSDER (Тұрақты туризм ассоциациясы) Басқарма мүшесі, экология саласындағы стартаптарға арналған ұйым — «Green Up Meetings» құрылтайшысы, компаниялардың рейтингін көтеруге арналған «Ba Projectz» құрушысы, коммуникациялық стратегиялар жөніндегі кеңесші, тұрақты дамуды басқару бойынша маман.
Медиа форум шеңберінде Бихтер ханым іс-шараға қатысушы пиар менеджерлер мен баспасөз хатшылары үшін «PR және дағдарысқа қарсы коммуникациялар» тақырыбына шеберлік сабағын өтеді.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.