Соңғы жылдары подкаст жанры Қазақстанда ерекше қарқынмен дамыды. Саналуан тақырыпты қамтитын подкаст жанры басқалардан несімен ерекше? Қандай айырмашылықтары бар? Қойылатын шарттар қандай? Бұл туралы Брюссельде өтетін Медиа форумда Қазақстан делегациясының құрамында баратын Арман Абилқасынов айтады.
V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — 16-20 қазан күндері Еуропалық одақ пен Бельгияның астанасы — Брюссель қаласында Түркітілдес журналистер қоры, Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Брюссельдегі Inter Media Bruxselles Asbl ұйымдастыратын шара.
Брюссельдегі медиа форумға Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Германия, Нидерланд, Люксембург, Франция, Швейцариядан БАҚ басшылары, журналистер, пиар менеджерлер мен баспасөз хатшылары, депутаттар мен Қоғам қайраткерлері қатысады. Дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Медиа форум шеңберінде шеберлік сабағы, Еуропалық парламент пен Брюссельдегі әкімдіктерге пресс тур, сұхбаттар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ жоба шеңберінде Францияның Париж қаласына пресс тур бар.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).