БРЮССЕЛЬДЕГІ МЕДИА ФОРУМ: «ЕУРОПАДА ТҮРІКШЕ АҚПАРАТ ТАРАТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

Еуропада жұмыс істеп жатқан түрік ақпарат құралдары көп. Олар шекара сыртындағы миллиондаған түрікке ақпаратпен қамтамасыз етеді. Тарихи мен табиғаты, діні мен ділі бөлек Еуропада түрікше хабар таратудың ерекшеліктері қандай? Бұл сұраққа V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында Германиядан қатысатын Тевфик Кара жауап береді.
V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры, Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Брюссельдегі Inter Media Bruxselles Asbl 2025 жылдың 16-20 қазаны аралығында Бельгия мен Еуропалық одақтың астанасы — Брюссельде өткізетін халықаралық шара.
Брюссельдегі медиа форумға Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Германия, Нидерланд, Люксембург, Франция, Швейцариядан БАҚ басшылары, журналистер, пиар менеджерлер мен баспасөз хатшылары, депутаттар мен Қоғам қайраткерлері қатысады. Дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Медиа форум шеңберінде шеберлік сабағы, Еуропалық парламент пен Брюссельдегі әкімдіктерге пресс тур, сұхбаттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жоба шеңберінде Францияның Париж қаласына пресс тур бар.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top