БРЮССЕЛЬДЕГІ МЕДИА ФОРУМ: «ЕУРОПАДАҒЫ ТҮРІК МЕДИАСЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ»

Түріктер Еуропаға көшкеннен кейін түрік тілінде ақпарат тарататын БАҚ-қа деген қажеттілік туындады. Осылайша, Еуропада газет, журнал, телеарна мен радио пайда болды. 60 жылдың тарихы бар түрік медиасының өткені мен бүгіні, келешегі туралы V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Еуропадағы түрік медиасының 60 жылдық тарихы» тақырыбына баяндама жасайтын нидерландық әріптесіміз Явуз Нуфель айтады.
V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры, Қазақстандағы Әйел журналистер клубы мен Юрюссельдегі Inter Media Bruxselles Asbl 2025 жылдың 16-20 қазаны аралығында Бельгия мен Еуропалық одақтың астанасы — Брюссельде өткізетін халықаралық шара.
Брюссельдегі медиа форумға Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Германия, Нидерланд, Люксембург, Франция, Швейцариядан БАҚ басшылары, журналистер, пиар менеджерлер мен баспасөз хатшылары, депутаттар мен Қоғам қайраткерлері қатысады. Дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Медиа форум шеңберінде шеберлік сабағы, Еуропалық парламент пен Брюссельдегі әкімдіктерге пресс тур, сұхбаттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жоба шеңберінде Францияның Париж қаласына пресс тур бар.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top