МЕДИА ФОРУМ: «ЛИДЕРЛІК ПЕН МАНСАП ПСИХОЛОГИЯСЫ»

Медиа саласында, жалпы барлық салада жүрген қыз-келіншектер кездесетін қиындық көп. ОТбасылық міндет, әйелдік және аналық жауапкершілік қызметтегі әйелдерге қосымша салмақ болады. «Әйелге қарағанда еркек артық» деген жаңсақ психология — қыз-келіншектердің кәсіби алаңда қабілет-қарымын ашып көрсетуге кедергі. Оның себебі мен салдары қандай? Шығу жолдарының тиімді тәсілдері бар ма? Осы және қыз-келіншектердің басқа да проблемалары туралы VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының спикері психолог, «KAUSSAR KOLDAU» ЖМ директоры Жания Бисенова ханым айтып береді.
Медиа форумның «БАҚ — түркі әлеміндегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту құралы» тақырыбындағы отырыста Медиа форум спикерлері «лидер әйел: беделді басқару және қоғамдық пікірге ықпал ету»; «Қазіргі түркі әйелінің жағымды бейнесін қалыптастырудағы БАҚ рөлі», «Көшбасшылық пен мансаптық өсу: кедергілерді жеңу, азаматтық ұстанымды нығайту», «Түркі әлеміндегі әйелдер үні: ұлттық бірегейлік арқылы заманауи тәсілдерді насихаттау» тақырыбына презентациялар ұсынылады.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына қатысу — тегін.
Форум — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top