МЕДИА ФОРУМ: «ТҮРКІ ӘЛЕМІНЕ ОРТАҚ АҚПАРАТТЫҚ АЛАҢ»

Жаһандық саясатты әлемдік БАҚ-тың күн тәртібіндегі ақпарат ағыны қалыптастырады. Кез келген елдің ұлттық қауіпсіздігі мен мемелкеттік тұтастығы да ақпарат ағынымен тығыз байланысты. 350 миллионнан астам түбі бір түркінің ақпараттық ағынға ықпалы қандай? Күні бүгінге дейін неге ортақ ақпарат алаңын қалыптастыра алмай отыр. Не кедергі? Қиындықтар қандай? Шешу жолдары бар ма? Түркі әлемінің ақпарат құралдары қандай ортақ жобалар жасай алады? Осы және басқа сұрақтарға мен, Нәзия Жоямергенқызы 2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда өтетін VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында Түркітілдес журналистер қорының президенті ретінде арнайы баяндама жасаймын.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына қатысу ТЕГІН.
Медиа форум — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Scroll to Top